Бүгін Еуропалық одақтың 27 елінің көшбасшыларының кездесуі өтеді

Іс-шараның басты тақырыбы энергия бағасы болмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Айта кетейік, 15 ел, соның ішінде Польша мен Франция газ бағасының шегін бекітуді талап етуде. Германия, Нидерланд және тағы бірнеше ел бұл шешімге қарсы. Шараға қатысушылар Еуропалық Одақ азаматтары үшін дағдарыстың салдарын жеңілдету шараларын да талқылайды деген жоспар бар.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еуропалық комиссияның төрағасы:

- Мен еуропалықтардың алаңдайтынын білемін. Инфляцияға, электр энергиясының бағасының күрт өсуіне, жылыту маусымына байланысты халықтың мазасы қашқаны белгілі. Қазір біз Еуропалық ынтымақтастығымызды, бірлігімізді көрсетуіміз керек.