Киев қаласының кей аудандарында электр қуаты мүлдем жоқ

Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері хабарлап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Мәселен, Троещина тұрғын үй массивінде көшедегі шамдар мен бағдаршамдар жұмыс істемейді. Ал мұнда 300 мың адам өмір сүреді екен. Украинаның мемлекеттік энергетикалық компаниясы өкілдерінің айтуынша, жарық жуырда бүкіл ел бойынша өшіп қалуы мүмкін.