АҚШ-та ұшақ тұрғын үйге соғылды

АҚШ-та ұшақ тұрғын үйге соғылды

АҚШ-та ұшақ тұрғын үйге соғылып, алапат өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға Нью-Гемпшир штатындағы Кин қаласында болды. Алдын ала болжам бойынша барлық экипаж мүшелері қаза тапты. Әзірге құрбандардың саны белгісіз. Тұрғын үйде зардап шеккендер жоқ. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, бұл үй Диллант-Хопкинс әуежайына жақын орналасқан. Полицияның мәліметінше, ұшқыш тізгінге ие бола алмай, ағашқа соғыла жаздап, төңкеріліп құзға құлаған. Тілсіз жаумен күресуге ондаған өрт сөндіруші жұмылдырылды