Борис Джонсон премьер-министр лауазымы үшін қайта күресуге дайын

Борис Джонсон британдық премьер-министр лауазымы үшін қайта күресуге дайын.

Бұрынғы премьер осылайша Консервативті партияның жетекшісі болуы мүмкін. Сайлауға қатысуға  Джонсон дүйсенбіге дейін депутаттардан 100 дауыс жинауы тиіс. Қазіргі уақытта оны 43 адам ашық қолдап отыр. Айта кетейік, осы аптаның аяғында Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс отставкаға кететінін мәлімдеген. Ол үкіметті 45 күн басқарған. Бұл ел тарихындағы премьер-министр қызметінде болған ең қысқа  мерзім.