Иркутскіде әскери ұшақ тұрғын үйге құлады

Иркутскіде әскери ұшақ тұрғын үйге құлады

Ресейдегі Иркутскіде әскери ұшақ тұрғын үйге құлады.

Бұл туралы аймақ губернаторы Михаил Кобзев хабарлады. Әуе көлігі құлаған ғимаратта өрт шыққан. Су-30 ұшағы әуе зауытынан шығып Ново-Ленино ықшам ауданында апатқа ұшырады. Әзірге зардап шеккендер мен мерт болғандар жайлы ақпарат жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.