Оңтүстік Кореяда Қазақстан корейлерінің көрмесі өтті

Қазақстан корейлерінің көрмесі Ана мен Отанға арналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Виктория Цой өз суреттерінде Алматы көшелерін, дастархандағы сүт пен шайды көрсетті. Ал Светлана Цой карантин кезінде таза ауаның бірден-бір көзіне айналған қазақстандық терезелерді бейнеледі. Тағы бір картинада қазақ пен корей төсекте жатқан сәбилерді көрсетті.

Светлана Цой, суретші:

- Қалай болғанда да, туып өскен жер өте маңызды. Ұлтымыз корей, бірақ туып өскен жеріміз басқа. Бұл жолы Кореяға келгенде мен арамыздағы айырмашылықты байқадым. 

Виктория Цой, суретші:

- Мен Қазақстан азаматымын. Яғни, менде қазақы менталитет бар. Бұдан құтылу мүмкін емес. Бірақ қалай болғанда да, корей топырағына келгенде, мен мұнда өзімді жайлы сезіндім. Біз мүлдем басқамыз. Біз қазақ корейлерміз.

Көрмені ерлі-зайыптылар – Сон Джэ Хо мен Лим Джон Ок ұйымдастырды. Олар Корея азаматтары, бірақ Алматыда 27 жылдан бері тұрып жатыр. Оңтүстіккореялықтар қазақстандық суретшілердің туындыларын Жапония мен Англия жұртшылығына да таныстырып үлгерген.

Сон Дже Хо, Арт орталығының директоры:

- Қазақстанда мықты суретшілер көп. Бірақ олардың өнері әлемге көп таралмаған. Солардың туындысын өзге де жұрт көрсін деген ниетпен осы көрмені ұйымдастырдық.

Лим Джон Ок, көрме кураторы:

- Қазақстандық өнерпаздар Кореяға келгісі келеді, өйткені елдер арасындағы қарым-қатынас жақсы және мәдениетте ортақ нәрсе көп.

Көрмеде Лим Джон Октың да туындылары қойылған. Өйткені ол да өзін Қазақстан корейімін деп есептейді. Сүретші Астана мен Сеул арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға атсалысуда. Оның қоғамдық қоры жас қазақстандық таланттарға көмектеседі.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян