Сиднейде су тасқыны қаупі күшейді

Сиднейде су тасқыны қаупі күшейді

Бірнеше аптадан бері толассыз жауыннан жапа шеккен Австралияның шығысында су тасқынынан қауіп көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Демалыс күндеріндегі жаңбырдан соң аймақтағы өзендер арнасынан аса бастаған. Ауа райын болжаушылар болса, жауын-шашын апта соңында да жалғасатынын айтып, аймақтағы елді мекендерді тағы су басуы мүмкін деп ескертті. Жаңбырмен қатар кей аудандарда қатты жел соғады деген болжам бар.