Угандада мектеп өртенді

Угандада мектеп өртенді

Угандада зағип балаларға арналған мектеп өртеніп, 11 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірнеше оқушының жағдайы ауыр. Қалған оқушылардың барлығы эвакуацияланды. Қайғылы жағдай Кампала қаласының маңында болған. Өрттің шығуына нақты не себеп болғаны әзірге анықталған жоқ. Тергеу басталды.