Бельгияда асқабақтан жасалған қайықпен жарыс өтті

Бельгияда асқабақтан жасалған қайықпен жарыс өтті

Дәстүрге айналған сайыс Антверпенде ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ереже бойынша асқабаққа мінген сайысшылар ескекпен суда қалқыған үйді айналып мәреге бірінші болып жету керек. Бұл жолы додаға елдің түкпір-түкпірінен 65 команда қатысты. Бельгияда бұл қызықты шара 20 жылдан бері өткізіліп келеді. Әдетте жергілікті шаруалар бұл сайысқа қатысу үшін асқабағын ерте қамдайды екен.