Түркия Республика күнін тойлап жатыр

Туыстас түрік жұрты бас мереке Республика күнін тойлап жатыр.

Атаулы күн ел тарихына 99 жыл бұрын енген. Ресми мерекеге орай демалыс күні жарияланса да халықтың дені көшеде. «Егемендік- сөзсіз ұлттың меншігінде»  деп ұрандатып, бірін- бірін құттықтап жүр. Мерекелік шара жылдағыдай Анкарадағы Ататүрік жатқан Анытқабір мавзолейінен басталды. Кейін мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар қала орталықтарында салтанатты шеруге шықты. Айта кетейік, 1923 жылы 29 қазан күні елдің тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік Ата заңға өзгерістер енгізіп, елді Түркия Республикасы деп жариялады. Бұл күн сол күннен бері түріктің бас мейрамы.