Италияда инфляция деңгейі рекордтық көрсеткіш жетті

Италияда инфляция деңгейі рекордтық көрсеткіш жетті

Италияда қазанда инфляция деңгейі 11,9 процентке жетті. Бұл кейінгі 38 жылда болмаған рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылмен салыстырғанда, Аппеннин түбегінде энергия көздері  73 процентке өскен. Азық-түлік 13 пайызға қымбаттады. Қазір Италиядан бөлек Еуропаның көп елінде инфляция өршіп тұр. Солардың қатарында Германия, Франция, Ұлыбритания бар. Өйткені Украинада шиеленіс басталғалы энергия тасымалдаушылар қымбаттап кеткен.