Бразилияда көлік жүргізушілер сайлаудың нәтижесімен келіспейді

Бразилияда көлік жүргізушілер сайлаудың нәтижесімен келіспейді

Бразилияда президенттік сайлаудың нәтижесіне көңілі толмаған жүк көлік жүргізушілері ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразылар жолда дөңгелектерді өртеп, Рио-де-Жанейро маңындағы тас жолдағы қозғалысты тоқтатып тастаған. Ашуға бой алдырғандар елдің қазіргі басшысы Жаир Болсонарудың кандидатурасын қолдайтынын айтады. Президенттің өзі де саяси доданың нәтижесімен келіспейтінін жасырмайды. Сарапшылардың айтуынша заң бойынша Болсонару жеңілісін мойындамаса,  сайлау нәтижесіне әлі де қарсы шыға алады. Айта кетейік, Болсонару аз ғана процент дауыспен өзінің басты қарсыласы, елдің бұрынғы презиенті Лула да Сильвадан жеңіліп қалды.