Испанияда ұлттық саябақ құрғап барады

Испанияда ұлттық саябақ құрғап барады

Испанияның оңтүстігіндегі Доньяна Ұлттық саябағы  құрғап барады.

Осылайша Еуропаның ең тұщы қорығының біріне қауіп төніп тұр. Қазірдің өзінде 3 мың су қоймасының 60% - ы мүлдем құрғап қалған. Құрғақшылыққа жауын-шашынның аз болуы, сондай-ақ адамның қажеттіліктері үшін суды бақылаусыз пайдалану себеп. Мамандардың айтуынша, егер жағдай ушықса сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар жойылып кетуі әбден мүмкін. Айта кетейік, бұл саябақ арқылы Солтүстік Еуропаға қоныс аударатын құстардың басым бөлігі өтеді. Оларға да қауіп төніп тұр дейді мамандар. Соңғы санақ бойынша Андалусияда 88 мың құс қыстайды, ал бұрын бұл жерге шамамен 470 мың құс ұшып келетін. Ғалымдар Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген Ұлттық саябақ Солтүстік Африканың құрғап қалған шөлейт даласына айналуы мүмкін деп алаңдайды.