Ресей Африкаға тегін бидай жеткізеді

Ресей Африка елдеріне бидайды тегін жеткізеді.

Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Ресей басшысы Владимир Путинмен осындай келісімге келгенін мәлімдеді. Ердоғанның айтуынша, қара құрлықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін ол Балиде өтетін G20 саммитінде де көтермек.

Реджеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:

- Біз Қара теңіздегі астық дәлізінің мүмкіндігін пайдалана отырып, көмекке мұқтаж елдерге қол ұшын созу туралы келісімге келдік. Әсіресе Сомали, Джибути мен Судан секілді азық-түлік дағдарысын бастан өткеріп жатқан мемлекеттерге бидай жеткізуді қамтамасыз етеміз.