Оңтүстік Кореяда қазақ ұлттық киімінің көрсетілімі өтті

Оңтүстіккореялық модельдер қазақтың ұлттық киімін киіп, подиуммен жүріп өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сеул маңында Азия елдерінің дәстүрлі киімдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Оған 40 пен 70 жас аралығындағы модельдер қатысты. Қазақ киімдерін Кореядағы «Номад» қазақ мәдениеті қоғамы ұсынды. Азиялық дәстүрлі киімдер фестивалінде қытай, вьетнам және корей патша киімдері де көрсетілді. Қайырымдылық акциясынан түскен қаражат жалғызбасты аналарға көмек ретінде беріледі.

Хван Су Хён,40+ моделі:

- Қазақстан атынан шығу мен үшін үлкен мәртебе. Сондай әдемі костюм. Кореядағы қарапайым өмірде мұндай киімді кездестіре алмайсыз. Қазақ мәдениеті туралы көбірек адамдар білсін деп едім. Біздің сән көрсетіліміміз Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынасты нығайтады деп сенемін.

Ли Сан Хон, 70+ моделі:

- Өте ыңғайлы, жылы киім. Корей ұлттық киіміне ұқсайды. Мен бұл мүмкіндікті алғаныма қуаныштымын.