Ұлыбританияның қайырымдылық ұйымдары үкіметтен көмек сұрады

Ал Ұлыбританияның қайырымдылық қорлары үкіметтен қосымша көмек беруді сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған осы елдің Қаржы министрі Джереми Ханттың экономикалық дағдарысты еңсеру бойынша жоспар жариялайтынын мәлімдеуі түрткі болды. Себебі соңғы айларда осы ұйымдардан тегін азық-түлік алатын тұрмысы төмен отбасылардың саны артқан. Ұйым өкілдері: «Инфляциядан тегін тамаққа зәру жандар апта сайын көбеюде», — дейді.

Анна Шеворр-Пакхэм, Healthy Living Platform бағдарламасының менеджері:

- Қазір мұндай қайырымдылық қорлары қажетті азық-түлікті өз күштерімен жинауға мәжбүр. Себебі оларға үкімет тарапынан ешқандай қолдау көрсетілмейді. Сондықатн біз биліктен мәселені қарастырып, тиісті шаралар қабылдауды сұраймыз.