Таиландта жарылыс болды

Таиландта жарылыс болды

Таиландтың оңтүстігінде көлікке қойылған жарылғыш іске қосылып, бір адам мерт болды.

Тағы 29-ы жарақат алды. Зардап шеккендер арасында тәртіп сақшылары да бар. Оқиға дәл полиция бөлімшесінің жанында болған. Жарылысты нақты кімнің ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Негізі бұл өңірде көтерілісші топтар жиі шабуыл жасайды. Олар оңтүстіктегі бірнеше провинцияның тәуелсіздігін талап етіп келеді.