Қытайда зауыттан алапат өрт шығып, 36 адам көз жұмды

Қытайда Аньян қаласындағы зауыттан алапат өрт шығып, 36 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы екі адам жараланған. Өрт сөндірушілер  тілсіз жаумен 5 сағаттай арпалысқан екен.

Соңғы деректерге сәйкес, оқиға орнына 60-тан астам өрт сөндіру көлігі жеткен. Қазір от сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.