#Қазақсалтдәстүрлері онлайн челленджі жалғасып жатыр

#Қазақсалтдәстүрлері онлайн челленджі жалғасып жатыр

Осы жылдың шілде айынан бастап «Бірге» қоғамдық қорымен #Қазақсалтдәстүрлері атты онлайн челленджі жүзеге асырылған.

Оған алыс және жақын шетелден 100-ден астам қазақстандық қатысқан. Олар шетелдіктерге қазақтардың салт-дәстүрлерін көрсете отыра Қазақстанның бай мәдениеті және тұрмысымен таныстырды.

Аталған челлендж Лондон қаласында бастау алған екен. Ғалымжан есімді азамат қызы Кәусәрмен бірге жергікті мектепте қыз балалардың ұлттық киімдерін көрсетіп, ұлттық тағамдардан дәм татқызды. Жоба аясында шетелде қазақ салт-дәстүрлерін дәріптеп жүрген тек қазақтар емес, өзге ұлт өкілдері де бар. Мысалы, Иван есімді азамат Түркияның Аланья қаласында қазақтың ұлттық киімі – шапанның имиджін көтерумен айналысады. Ал бірнеше жыл бұрын Америкаға көшіп кеткен Максим Лос-Анджелес көшелерінде қазақтың ұлттық киімімен серуендеп жүрген бейнежазбасын әлеуметтік желіде жариялады.

Сондай-ақ челлендждің арқасында шетелдіктер тұсау кесу салтымен таныс болды. Айта кету керек, #Қазақсалтдәстүрлері атты онлайн челленджі әлі де жалғасып жатыр. Шетелде жүрген қазақстандықтар оған тек қуана қатысатындарын айтып отыр.