Солтүстік Кореяға жаңа санкциялар салынады

Оңтүстік Корея, Жапония мен АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы халықаралық деңгейде бірлескен санкциялар салуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Сеулдің Корей түбегі бойынша өкілі Ким Гун Индонезия астанасы Джакартада өткен кездесу барысында мәлімдеді. АҚШ-тың арнайы өкілі Пхеньянның іс-әрекеті аймаққа үлкен қауіп төндіріп отыр деп есептейді. Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Корея 18 қарашада құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізген болатын. Жалпы мұндай сынақтардың саны биыл 60-тан асты.

Ким Гун, Оңтүстік Кореяның арнайы өкілі:

- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында біз үш жақты уағдаластық жасамақ ниеттеміз. Осылайша Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран сынақтарына, олардың туындаған қатерге қарсы бас біріктіріп, санкциялар қабылдаймыз.