Чилиде орман өрті өршіп барады

Чилиде орман өрті өршіп барады

Елдегі аптап ыстықтан бірқатар өңірде тілсіз жау күшейді. 

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, 7 мың гектар орман күлге айналды. Қауіп төнген жерлерден ондаған адам, 40 шақты үйдің тұрғындары эвакуацияланды. 6 млн халқы бар ел астанасы Сантьягоны көк түтін басты. Соңғы деректер бойынша елдің оңтүстігінде 18 өрт ошағы тіркелді. Тілсіз жаумен күрусеге ондаған техника және жүздеген өртсөндіруші жұмылдырылған. Жергілікті билік азаматтарға сақ болуды ескертеді.