АҚШ-Мексика шекарасына мигранттар қайтадан жиналып жатыр

АҚШ-Мексика шекарасына мигранттар қайтадан жиналып жатыр

АҚШ пен Мексика шекарасына мигранттар қайта көптеп жинала бастады.

Бұған аймақтағы карантиндік шектеу шараларының осы аптада жеңілдеуі себеп болды. Сарапшылардың болжауынша шекараға  ағылған келімсектердің саны күніне 5000-ға дейін жетуі мүмкін. Жергілікті билік осыған алаңдаулы. Мәселен оларды жайғастыратын, орын тапшы дейді мамандар. Қазірдің өзінде Хуарес пен Эль-Пасо қалаларына күнде 200-ге жуық мигрант келеді. АҚШ-тан департацияланғандар да бар. Айта кетейік, карантиндік талаптар жеңілдесе, кірмелер азық-түлікпен және уақытша баспанамен қамтамасыз етілу мүмкіндігіне ие болады.