Британдық медбикелер наразылық акциясын өткізді

Британдық медбикелер наразылық акциясын өткізді

Британдық медбикелер 1 айда екінші рет ереуілге шықты.

Кәсіподақ Үкіметтен 48 сағат ішінде жауап беруін талап етті. «Үнсіздік жалғаса беретін болса, наразылық акциясы да тоқтамайды», – дейді ашынған медбикелер. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 5 күн бұрын 15-желтоқсанда Англия, Уэльс және Солтүстік Ирландия көшелеріне 100 мыңға жуық ақ халатты шықты. Олар жалақыны 19% көтеруді талап етті. Алайда премьер-министр Риши Сунак мұны орындау әзірге мүмкін емес дейді.