Францияда Рождествода пойыздар жүрмейді

Францияда Рождествода пойыздар жүрмейді

200 мыңға жуық жолаушы сапарға шыға алмай, қапы қалды.

Бұған теміржолшылардың ереуілі себеп. Жұмысшылар айлықтың 12 пайызға ғана көтерілуіне наразы. Жағдай әсіресе осы демалыс күндері нашарлай түспек. Себебі жоғары жылдамдықты 5 пойыздың 2-уі қазірдің өзінде жұмыс істемейді. Қалалар арасындағы көптеген бағыттағы пойыздар уақытша жүрмейді. Дегенмен, жергілікті теміржол компания өкілдері, пойызы кейінге қалған жолаушыларға билет ақысын толық қайтарып алуына мүмкіндік болады деп сендіреді.