Сеулде қалдықтан жасалған бұйымдар көрмесі өтті

Қалдықтан талай дүние жасауға болады. Сеулде өткен көрмеде 64 кәсіпорын өз өнімдерін ұсынды.

Сөйтіп, мұнда келген жұрт істен шыққан  қозғалтқыштар мен принтер картридждерін тамаша күйге келтіруге болатынын көрді. Көрмеде өсімдіктен жасалған тез ыдырайтын гүл құмыралары, қайта өңделген кітаптар мен теріден жасалған күнделіктер, әмияндар тұр. Экологиялық таза қағаздан жасалған ыдыстар да осында. Бұған дейін қағаз ыдыстар полиэтиленмен қапталса, енді өзге қаптау технологиясы пайда болған. Ескі ноутбуктер мен процессорларды қалпына келтіруге болады.

Пак Чу Хен, электробұйымдарды қайта өндеу компаниясының директоры:

- Біз қоқысқа түскен электронды өнімдерді, сондай-ақ зауыттардан шыққан жарамсыз алюминий мен мыс қалдықтарын сатып аламыз. Қайта пайдалануға болатынын жаңартамыз, ал оған келмейтін техниканың алюминий мен мысын бөліп аламыз. Былтыр біз 50 мыңға тарта ескі ноутбук мен жады карталарын қайта өңдедік.