Калифорния штатында раушандар парадына дайындық жүріп жатыр

Калифорния штатында раушандар парадына дайындық жүріп жатыр

АҚШ-тың Калифорния штатында дәстүрлі гүлдер парадына дайындық қызу жүріп жатыр.

Шеру Пасадена қаласында өтеді. Тек раушан гүлдерімен безендірілген түрлі фигуралар жылжымалы сахнаға қойылып, шаһар көшелерімен жүреді. Әдетте қызықты салтанатты көруге жүздеген мың адам жиналады. Жаңа жылдық парад биыл осымен 139-шы мәрте ұйымдастырылғалы отыр. Шараны ұйымдастырушылар, әсем пшіндерді жасау үшін тек тірі раушан гүлдер қолданыладтынын айтады.

Хайди Хофф, ойын-сауық қызметінің маркетинг бойынша директоры:

- Тұғырнамаға қойылатын пішінедерді жасау үшін раушан гүлдерін Никарагуа, Нидерланд сияқты әлемнің барлық елінен алдырамыз. Себебі, ол жақтағы кей гүлдер біздің жерімізде өспейді. Осылайша жаңа жыл қарсаңында өзге елдермен саудамыз да қызады.