Түркияда екі бірдей қаза орын алды

Түркия үшін жылдың соңғы күндері оңайға соқпай отыр.

Күні кеше Айдынның Назилли ауданында жарылыс болып, 7 кісі қаза тапты. Жарылыс, газ балонды ауыстырар тұста болған. Жергілікті провинция прокуроры тергеу жүргізіп, 10 күдіктіні құрықтады. Бұдан бөлек, Измирдің Барнова ауданында құрылыс алаңында кран аударылып, 4 адам қайтыс болды. Тағы екі кісі іздестіріліп жатыр.

Хусейин Аксой, Айдын губернаторы:

- Жарылыс газ балонды ауыстыру барысында болған. 5 кісі зардап щекті. Оның біреуінің жағдайы ауыр. 7 азамат қаза болды. Қажетті көмекті беріп жатырмыз.