Лас-Вегаста жасанды бала күтуші құрылғысы таныстырылды

Жасанды интеллект негізінде жасалған бала күтуші. Лас-Вегастағы инновациялық жобалар көрмесінде көпшілік назарына осындай құрылғы таныстырылды.

Ерекшелігі сол, әлгі аппарат камераның көмегімен ұйқыдағы баланы үнемі бақылап отырады. Тіпті арнайы алгоритм арқылы оның микроскопиялық қимыл-қозғалысын да назарда ұстайды екен. Егер нәрестенің дұрыс жатпағанын анықтаса, қосымша арқылы бірден телефонға хабарлама жібереді. Жоба авторларының айтуынша, мобильді қосымшамен баланың дамуын да бақылауға мүмкіндік бар. Ол үшін арнайы кесте қарастырылған екен.