Meta-ға 390 млн еуро айыппұл салынды

Еуропалық Одақтың жеке мәліметтерді қадағалушы органы «Мета» компаниясына 390 млн еуро айыппұл салды.

Оның 210 милионы бірлестіктің «Фэйсбук» әлеуметтік желісі, ал қалғаны «Инстаграмдағы» әрекеті үшін алынғалы отыр. Шешімге америкалық алпауыттың тұтынушылар жайлы жинаған жеке мәліметтерді жарнама үшін пайдалануы әсер еткен. Еуропалық реттеуші WhatsApp желісіне қатысты тағы бір істі тергеп жатыр. Сарапшылар бұл компанияның адамдардың ғаламтордағы әрекетін бақылап, жарнама ұсыну кәсібіне кері әсерін тигізуі мүмкін дейді. Бірлестіктің өзі сотқа жүгініп, шешімді қайта қарауды сұрамақ.