Бразилияда Төтенше жағдай жарияланды

Бразилияда мыңдаған тұрғын полициямен қақтығысты. Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін кем дегенде 400 адам қамауға алынды.

Ел астанасында Төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар бір апта бұрын сайланған жаңа Президент Лула да Силваның билігіне қарсы.

Инаугурациядан кейін наразылық қыза түсті. Экс-президент Болсонаро жақтастары Ұлттық конгресс, Федералды Жоғарғы Сот және президент резиденциясын қоршауға алды. Ал Лула да Силваның өзі іс сапармен Сан-Паулу штатында жүр екен. Ол наразылыққа шыққандар жазасын алуы тиіс, деп мәлімдеді. Төтенше жағдай қаңтар айының соңына дейін жалғасады. 

Луис Инасиу Лула Да Силва, Бразилия Президенті:

- Мен іссапарды мерзімінен бұрын аяқтап, Бразилияға ораламын! Зардап шеккен үш ғимаратқа да барамын. Бұл тәртіпсіздіктердің артында кім тұр, кім қаржыландырып отыр – мен анықтаймын! Бұл геноцид! Екінші рет, мұндай тәртіпсіздіктердің қайталануына мен жол бермеймін!

Чехия жұртшылығы президентке қарсы

Ал Чехия халқы Президент Милош Земанның қызметтен  кетуін алдын ала атап өтіп жатыр. Олар қаңтардың соңында өтетін сайлауда оппозиция жеңіске жетеді, деп сенім білдірді. Прага сарайының ауласына жиналғандар президент Земанның заттарын қоқысқа тастады. Елде, екі турдан тұратын сайлау 28 қаңтарда мәресіне жетеді.