Азия қор нарығындағы жағдай реттелді

Азия қор нарығында оң өсім тіркелді.

«Бұл АҚШ-тағы ставкалардың баяу өсімі мен Қытай шекараларының ашылуымен байланысты», - дейді сарапшылар. Оңтүстік Корея мен Гонконгтегі базалық индекс сәйкесінше 1,83 және 1,45% артты. Экономистер Қытай шекарасының қайта ашылуы бүкіл Азияға оң әсер етеді, дейді. Әсіресе, туристер көп келетін Таиланд, Оңтүстік Корея нарығында оң өзгерістер күтіледі.

Айта кетерлігі, бүгін қытайлық юань долларға қатысты соңғы 5 айдағы ең жоғары деңгейге көтерілді.