Гавай аралдарында Килауэа жанартауы қайта атқылай бастады

АҚШ-тың Гавай аралдарында Килауэа жанартауы қайта атқылай бастады. Оған бірнеше апта бұрын қасындағы Мауна-Лоа жанартауының оянуы әсер еткен.

Бірақ ғалымдар әзірге таудағы шоқтың өз кратерінде ғана бұрқырап қайнап жатқанын айтады. Жанартаудың белсенділігі жайлы жақын маңдағы мекендердің тұрғындары ескертілген.