Америкада мемлекеттік қызметкерлер жұмыстағы құрылғыларында TikTok-ты қолдана алмайды
20-дан аса штатта тиісті талап қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өйткені деректерге Қытай билігі қол жеткізе алады деген күдік бар. Осыған байланысты кейбір штаттар TikTok-тан бөлек, қытайлық "WeChat» әлеуметтік желісі мен "Alipay" төлем жүйесін қолдануға да тыйым салды. Жақында АҚШ Конгресінің өкілдер палатасына да TikTok-қа қатысты тиісті талап қойылған еді. Өйткені Орталық барлау басқармасы қытайлық сервис ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін дейді.