Жаңа Зеландияда жаңа Премьер-Министр сайланды

Жаңа Зеландияда жаңа Премьер-Министр сайланды

Жаңа Зеландияда жаңа Премьер-Министр сайланды. Лауазымды қызметке Крис Хипкинс ие болды.

Оған депутаттардың басым бөлігі дауыс берген. Бұрын ол білім министрі болған. Полиция және мемлекеттік емес өкілдер палатасын басқарған. Әрі бұған дейін үкіметті тізгіндеген Джа-синда Ар-дерннің сенімді жақтасы. Ол коронавирус өршіген тұста елдегі санитарлық саясатты тиімді жүргізіп, сол ісімен халыққа танымал болды.   

Крис Хипкинс, Жаңа Зеландияның Премьер-Министрі:

- Бұл мен үшін үлкен мәртебе және ең үлкен жауапкершілік деп білемін. Қазір менің энергиям көп, алда тұрған көптеген мәселелерді шешуге атсалысуға дайынмын. Жаңа Зелания шағын мемлекет болса да, абыройы биік ел. Маған сеніп лауазысмды қызметті тапсырған Джасинда Ардернге алғыс білдіремін.