Саакашвили жансақтау бөліміне жатқызылды
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің денсаулығы күрт нашарлап, жансақтау бөлімінің интенсивті терапия бөлімшесіне түсті.
Бұл туралы "Рейтер" ақпарат агенттігі хабарлады. Ол соңғы айларда Тбилисидегі "Виведи" ауруханасында ем алып жатқан болатын. Айта кетейік, 55 жастағы саясаткер 2021-ші жылдың қыркүйегінде Грузияға жасырын келгенде тұтқындалған еді. Кейін сот оны 2004-2013-ші жылдары ел билеген кезде қызметін асыра пайдаланды деген айыппен 6 жылға соттады. Бірақ Саакашвили істің саяси астары бар екенін айтып, түрмеде бірнеше рет аштық жариялады. Салдарынан денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсті.