Түркиядағы зілзаладан құрбан болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Түрік еліндегі Қазақстан елшілігіне біздің азаматтардан көмек сұрап, ешкім хабарласпаған. Қазақ Консулы Түркияның төтенше жағдай басқармасымен тұрақты байланыста.