Қазақстандық құтқарушылар өзге қалалардағы іздестіру жұмыстарына қатысуы мүмкін
Қазақстан мен Түркия төтенше жағдайлармен бірлесе күресу жөніндегі келісімге қол қоюы қажет.
Бұл туралы Газиантеп қаласына құтқарушылар тобын басқарып барған елдің Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрахим Күлшімбаев мәлімдеді. Бүгін ол Түркия Ішкі істері министрінің орынбасары, әрі апат аймағындағы істер бойынша жауапты Исмайыл Чатаклымен кездесті. Басқосуда алдағы жұмыс жоспары пысықталып, құтқару жұмыстарына қатысты мәселелер талқыланды. Өз кезегінде Түркия вице-министрі қазақстандық құтқарушыларға алғысын білдіріп, олардың кәсіби шеберліктерін ерекше атап өтті. Қазақстандық құтқарушылар өзге қалалардағы іздестіру жұмыстарына қатысуы мүмкін.