Түркияда 188 мердігер қамауға алынды

Түркияда 188 мердігер қамауға алынды

Түркияда зілзала кезінде қираған ғимараттарды салған 188 мердігер қамауға алынды.

Жалпы билік 600-ден астам күдіктінің тізімін жасаған. Қазір мұндай тергеу амалдары 11 провинцияда жүргізіліп жатыр. Сарапшылар көптеген ғимараттар зілзала кезінде болатын қауіп-қатерді ескермей салынған деп есептейді.