Ресейде құрылыс материалдарын тексеретін мемлекеттік бақылауды қайтару талап етілді
Ресейдің цемент өндірушілер қауымдастығы құрылыс материалдарының сапасын тексеретін мемлекеттік бақылауды қайтаруды талап етті.
Айтуларынша, 2020 жылы бұл салада мемлекеттік бақылау алынып тасталған. Салдарынан Ресей нарығында, контрафактілік өнімдердің үлесі артыпты. Бұл өз кезегінде құрылыс сапасына кері әсерін тигізіп отыр.
Ресейде цемент сапасын мемелкеттік деңгейде тексеру 2020 жылы пандемиялық мораторий аясында тоқтатылды. Салдарынан нарық ережесі бұзылды. Сападан сән кетті. Қазір Ресейде құрылысқа пайдалануға қауіпті қоспаның көлемі 4 миллион тоннаға жетті деген қауіп бар.
Антон Солон, құрылыс материалдарын өндірушілер ұлттық қауымдастығының басшысы:
- Бір жарым жыл бойы біз сала ретінде құрылыс материалдарын өндіруде бақылау мен қадағалауды қайтаруды сұрап жатырмыз. Бұл талапты барлық жетекші ведомстволар қолдады, бірақ әзірге құрылысты қадағалауды алып тастаумен айналысқан үкіметтегі жұмыс тобы әлі де қажетті шешім қабылдаған жоқ. Бірнеше күн бұрын біз Қоғамдық палатаға осы мәселе бойынша қоғамдық тергеу жүргізілсін деп шағымдандық.
Мәселе тек цементте ғана емес, басқа да құрылыс материалдарына да қатысы бар. Мысалы, тұрғын үйлердің құрылысында қолданылатын арматура да мұқият тексерістен өтуі тиіс.
Глеб Миклашевский, құрылыс саласының маманы:
- Құрылыс алаңдарына келетін металдың құжатында тек болат, темір деп жазылады. Біз бұл металдың не екенін білмейміз. Қандай металдың келгені белгісіз. Оны бақылауға, анықтауға, оның механикалық қасиеттеріне, мерізіміне қатысты сараптайтын мүмкіндігіміз жоқ. Бұл қауіпсіздікке тікелей қатысты ең маңызды мәселе.
Өндірушілер 2021 жылға дейін жұмыс істеген мемлекеттік стандартты қайтаруды талап етіп отыр. Себебі Түркиядағыдай апатты жағдай бола қалса, сапасыз ғимараттан жермен жексен болады.
Дана Нұржан, тілші:
- Ресейде сейсмикалық қауіпті аймақтардың қазіргі ахуалын көрсететін карталар жоқ дейді мамандар. Құрылысшылар осыдан отыз жыл бұрын, яғни 90шы жылдары жасалған карталарды қолданып отыр. Сонымен қатар, Ресейде сейсмикалық жағынан Шығыс Анадолы жарылу сызығына ұқсас аймақтар бар, мысалы, Красноярскіге жақын Саян сейсмикалық тұрақсыздық аймағы. Сондықтан қазір Ресейдің құрылыс министрлігі ғалымдар 2022 жылдың соңында ұсынған сейсмикалық қауіпті аймақтардың жаңа заманауи карталарын қарастыруда.
Дана Нұржан, Шахзод Гамиров