Грузияда билікке қарсы наразылық шарасы өтті

Грузия астанасында билікке қарсы наразылық шарасы өтті.

Жүздеген адам парламент алдына жиналып, "шетелдік агенттер" туралы, заң жобасын талқылауына қарсылық танытты. Үкімет жаңа құжатта "елдегі кез-келген ұйымды, шетелден қаржыландыру 20 пайыздан асса, шетелдік агент" деп тануды ұсынған. Оппозиция өкілдері "бұл бастама елдегі демократияны шектейді" деп сынға алуда. Сарапшылар құжат 2012 жылы Ресейде қабылданған заңға ұқсайды деп отыр.