Әлемді мобильді интернетпен қамтудың жаңа әдісі ұсынылды
Тағы бір британдық компания мобильді интернетпен қамтамасыз етудің жаңа жолын ойлап тапты.
Жоба Барселонадағы көрмеде таныстырылды. Интернет станция ретінде әуе шарлары қолданылады. Оған 130 шақырым жердегі кез келген адам қосыла алады. Бір әуе шары жердегі 10 ұялы телефон станциясын ауыстыра алады. Мамандар бұл шалғайдағы ауыл тұрғындарын, ғаламтормен қамтамсыз етудің таптырмас тәсілі дейді.
Микки Уоткинс, "World Mobile" компаниясының бас директоры:
- Жер шарымызда 2,5 миллиард адам интернетке қосылмаған. Яғни олардың ғаламтор арқылы білім алып, жұмыс істеп, сауда-саттық жасау мүмкінді жоқ. Біз әуе шаралары арқылы осы мәселені шешуге күш салсақ деген ниеттеміз. Желіні алғаш рет Занзибарда сынап тексердік. Енді дамушы елдерде қолдануды жоспарлап отырмыз.