Түркияда қираған ғимараттар ісі бойынша 247 адам қамауға алынды

Ал Түркияның өзінде жер сілкінісінен қираған ғимараттар ісі бойынша 247 адам қамауға алынды.

Құқық қорғау органдары бүгінге дейін бас-аяғы 997 азаматты ұстаған. Олардың бәрі құрылыс нормасын бұзды деген күдікке ілінді. Бұған дейін ел билігі қираған ғимараттар құрылысына қатысты ауқымды тергеу жұмыстарын бастайтынын хабарлаған еді.