Израильде лаңкестік әрекет жасалды

Тель-Авивте бір лаңкес көшедегі жұртқа оқ атып, 3 адамды мерт қылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы маңда болған полицейлер күдіктіні атып өлтірді. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, оқиға Израиль әскерінің жақында Иордан өзенінің батыс жағалауында жүргізген әскери операциясымен байланысты болуы мүмкін. Операция барысында Палестинаның 3 содырының көзі жойылған. Израиль билігі олар ел аумағына лаңкестік әрекеттер ұйымдастырған деп отыр.