Си Цзиньпин үшінші рет ҚХР Төрағасы болып сайланды

Си Цзиньпин ҚХР Төрағасы болып сайланды. Ел тарихында үшінші рет қатарынан төрағалық қызметке сайланған ол – алғашқы басшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ Си мырза Орталық әскери Кеңесті де басқарады. Елдің көшбасшысын Парламент сессиясында 5 жылда бір рет сайлайды. Бұл жолы депутаттар шешімді бірауыздан қабылдады. Конституцияға енген өзгерістерге сәйкес Си Цзиньпин үшінші рет қатарынан сайлауға түсу мүмкіндігіне ие болды. Бұрын Төраға билігі 5 жылдан 2 рет сайланумен шектелген.

Айта кетерлігі, Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары қызметіне Хань Чжэн сайланды. Депутаттар Мемлекеттік Кеңестің реформасын қолдап, орталық аппарат қызметкерлерінің санын 5%-ке қысқартуды оң шешім деп таныды. Алда, кезекті отырыста Үкімет басшысының кандидатурасы бекітілуге тиіс.