Таиландта пілдер күні аталып өтті

Таиландта пілдер күні аталып өтті. Бұл елде пілдерге ерекше құрмет көрсетіледі. 

Ежелден бері алып жануарлар адамдарға көмектесіп келеді. Жер жыртып, жүк тасиды. Тіпті бұрынғы соғыстарда да жойқын қару ретінде қолданылатын. Жойылып бара жатқан жануарларды сақтап қалу үшін 1998-жылы ел билігі Пілдер күнін бекіткен еді.