Норвегияда Tiktok шектелді
Норвегияда мемлекеттік қызметкерлерге жұмыстағы құрылғыларда Тикток пен Телеграм қосымшаларын орнатуға тыйым салынды.
Тиісті шешімді Әділет және қоғамдық қауіпсіздік министрлігі қабылдаған. Оған қоса, министрлік нұсқауында сақтық ережелерінің күші тарайтын жекеменшік компаниялардың да қызметкерлері осы бағдарламаларды пайдаланудан бас тартқаны жөн делінген. Дегенмен Тикток немесе Телеграм қажет болған жағдайда, қосымшаны бөлек құрылғыға орнатып қолдануға болады. Бұған дейін АҚШ, Ұлыбритания, Еуроодақ, Канада, Жаңа Зеландия мемлекеттері де Тик-ток пайдалануға осындай шектеу енгізген болатын. Өйткені деректерге Қытай билігі қол жеткізе алады деген күдік бар.