Түркия тұңғыш ғарышкерін ұшырады

Түркия өз ғарышкерін Халықаралық ғарыш станциясына аттандырады.

Республиканың 100 жылдық мерейтойына арналған айтулы шара қараша айына жоспарланған. Бұл туралы Түркия ғарыш агенттігінің басшысы Сердар Хусейн Йылдырым хабарлады. Ел тарихындағы тұңғыш түрік ғарышкері 36 мың үміткердің арасынан іріктеліп алынды. Қазір бір ер кісі мен әйел таңдалды. Қос кандидат АҚШ, Еуропа мен Жапониядағы ғарыш саласының озық технологияларымен танысып, арнайы сабақ алады. 2021 жылы Түркия президенті ғарышкерлерді оқытумен қатар Айға өз зымырандарын жіберуді қамтитын ұлттық бағдарламасын жариялаған еді. Анкара бұл жобаға шамамен 6 миллиард доллар жұмсамақ.

Реджеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:

- Алдымыздағы кезеңде тұрғындардың жаппай 5G технологиясын пайдалануын қамтамасыз ететін инфрақұрылымды құрып, 6G технологиясына дайындықты бастаймыз. Әлемдегі ең үлкен 10 спутник операторының біріне айналған Түркияның ғарыштағы қуатын одан әрі арттырамыз. Елімізді маңызды технологиялар нарығына емес, өндірушіге айналдыратын Ұлттық технологиялық ұстанымызды жалғастырамыз.

Сондай-ақ...