Судандағы жағдай ушығып барады

Шығыс Африкадағы бұл елде билікке таласқан әскерилер мен жедел әрекет ету жасағы арасында қарулы қақтығыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан кейінгі бірнеше күнде 60-қа жуық адам қаза тауып, тағы 600-і жараланған. Ірі қалаларда атыс дыбыстары естіліп жатыр. Қарулы қақтығыс кесірінен ел астанасы Хартумдағы әуежайдағы ұшақ өртенген. Мектептер мен үкіметтік мекемелер жабық тұр. Қауіпсіздік мақсатында көршілес Чад мемлекеті Суданмен арадағы шекарасын жапқан. Елдегі жағдайға халықаралық қауымдастық алаңдаулы. БҰҰ-ның бас хатшысы тараптарды атыс-шабысты тоқтатып, бейбіт келіссөздер жүргізуге шақырып отыр.