Илон Маск 13 млрд долларынан айырылды

Әлемдегі ең ауқатты адамның бірі Илон Масктың байлығы 13 миллиард долларға азайды.

Оған Америкалық кәсіпкер иелік ететін, Тесла компаниясы акцияларының құлдырау себеп. Ұжымның бірінші тоқсандағы нәтижелері инвесторлардың көңілінен шықпаған. Салдарынан кеше Тесла акциялары, шамамен 10 процентке арзандады. Илон Маск құрған Спейс Икс компаниясының зымыран ұшыруы сәтсіз аяқталып, бұл да ахуалға теріс әсер еткен.