Трамп қайтадан таққа отыра ма?

АҚШ-та Дональд Трампты қолдаушылар қатары артып келеді.

NBC телеарнасының жүргізген сауалнама нәтижесі  көрсетіп отырғандай, республикалықтардың шамамен 70%  бұрынғы президенттің кандидатурасын қолдайды. Сарапшылар,Трампқа қарсы жүріп жатқан сот процесіне қарамастан оны жақтаушылар көбейгенін айтады. Жұрттың көбі Трампқа қатысты тергеудің "саяси астары бар және бұл оның қайтадан президент болуына кедергі жасау үшін жасалған"деген пікірмен келіседі. Дегенмен, сауалнамаға қатысқандардың 26 проценті “басқа үміткерлерге де жол беру керек” деген ойда. 31 проценті Флорида Гурбернаторы Рон Десантисті қолдайтынын білдірді. Сауалнама сәуірдің 14 мен 18-і аралығында жүргізіліп, оған мыңдаған респондент қатысқан болатын. АҚШ-та кезекті президенттік сайлау келер жылдың қарашасына жоспарланған.